Accessibility links

Мәсімовтың сайтында Азаттық радиосына қатысты цензура жасалды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың интернеттегі парақшасында Азаттық радиосына қатысты цензура жасалды.

Мәсімов өзінің блогында қай вебсайтта онлайн-конференция өткізуі керектігі туралы кеңес сұраған, соған қатысты бірнеше вебсайттар ұсынылып, дауыс берулер жүріп жатыр. Сәуірдің 26-да Азаттық радиосы Мәсімовтың ұсынысына қатысты өз оқырмандарын Азаттық сайтының кандидатурасын қолдап дауыс беруге шақырды. Осыдан кейін Мәсімовтың сайтында Азаттық радиосы 75 пайыз дауыс жинаған болатын, бірақ бұл көрсеткіштер сәлден кейін жойылып тасталды.

Премьер-министр сауалнаманың қорытындысын сәуірдің 28-де жариялауға уәде етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG