Accessibility links

Саркози мен Берлускони Шенген аумағы туралы келісімді реформалауға шақырды


Франция президенті Николя Саркози мен Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Еуроодақтың ашық Шенген аумағы туралы келісімін реформалауға шақырды.

Саркози бүгін Римде Берлусконимен кездесуі барысында Еуропа Одағының шекаралық бақылауын күшейту мәселесін талқылады.

Шекарадан өтуге тырысқан Солтүстік Африка иммигранттарына байланысты Франция мен Италия арасындағы жағдай шиеленісе түсті. Италия толқулар болған Тунис пен басқа да африкалық елдерден қашып жатқан имигранттармен бір өзі күресіп жатқандығын айтады. Париж Римді заңсыз иммигранттардың шекарадан еркін өтуіне мүмкіндік беру арқылы өз жауапкершілігінен құтылмақшы деп айыптады.
XS
SM
MD
LG