Accessibility links

Қарағандыда лаңкестікті насихаттады деген айыппен 4 адам сотталды


Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы сот лаңкестікті насихаттағаны үшін төрт адамды бірнеше жылға түрмеге жапты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің мәліметінше, қарағандылық кәсіпкер төрт жылға, Теміртау тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылса, екі тұтқынның қамауда өтеп жазасына тағы бір жылдан қосылған.

Сотталғандар Солтүстік Кавказдағы исламшыл бүлікшілердің жетекші идеологы болған Саид Бурятский мен шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаровтың уағыздарын тыңдап, талқылаған делінеді.
XS
SM
MD
LG