Accessibility links

АҚШ әскері Ирактан жыл соңына қарай шығарылмақ


Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики өз елінің аумағында америкалық әскерилердің болу мерзімін ұзартатын құжатқа қол қоймағанын мәлімдеді.

АҚШ-тың елу мыңдық әскери контингенті Ирактан осы жылдың соңына қарай шығарылмақ. Әл-Маликидің айтуынша, елдегі жағдайды бақылау Ирак қауіпсіздік күштерінің қолынан келеді.

Бұған дейін АҚШ қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы адмирал Майк Маллен Ирак басшылығын сол елде америкалық әскердің қалу-қалмауы туралы мәселені шешуге шақырған еді.
XS
SM
MD
LG