Accessibility links

Мәсімов Азаттық радиосында онлайн-конференция өткізуге уәде етті


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Азаттық радиосында онлайн-конференция өткізуге уәде етті. "Онлайн-конференцияны шынайы жеңімпаздың алаңында өткіземін. Кейін процестің ашықтығы үшін Азаттық радиосында баламалы конференция өткіземін", - деп жазған Мәсімов өзінің "Твиттердегі" парақшасында.

Мәсімов өзінің блогында қай вебсайтта онлайн-конференция өткізуі керектігі туралы кеңес сұраған, соған қатысты бірнеше вебсайттар ұсынылып, өткен аптадан бері дауыс берулер жүріп жатыр. Сәуірдің 26-да Азаттық радиосы Мәсімовтың ұсынысына қатысты өз оқырмандарын Азаттық сайтының кандидатурасын қолдап дауыс беруге шақырды. Осыдан кейін Мәсімовтың сайтында Азаттық радиосы 75 пайыз дауыс жинаған болатын, бірақ бұл көрсеткіштер сәлден кейін жойылып тасталды.

Премьер-министр сауалнаманың қорытындысын сәуірдің 28-де жариялауға уәде етті.
XS
SM
MD
LG