Accessibility links

Минскіде оппозиция жетекшісі сотқа тартылды


Беларусь оппозициясының жетекшісі Андрей Санникау мен тағы басқа 4 адам "жаппай наразылық шарасын ұйымдастырды" деген айып бойынша бүгін сотқа тартылды.

Санникау желтоқсанның 19-дағы президент сайлауында Александр Лукашенконың қарсыластарының бірі болған. Егер ол айыпты деп танылса, 15 жылға дейін қамалуы мүмкін.

Оппозиция Лукашенконың қайта сайлануына наразылық танытып, шеру ұйымдастырған болатын. Наразылық шарасына ондаған мың адам қатысты. Жүздеген адам қамауға алынып, 40-тан астам азамат сотқа тартылды. Сотталғандардың ішінде президенттіктен үміткер болған тоғыз азаматтың бесеуі бар.
XS
SM
MD
LG