Accessibility links

Панетта Пентагонды, ал Петреус Орталық барлау агенттігін басқармақ


АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Орталық барлау агенттігінің директоры Леон Панетта осы жылы қызметінен кететіні туралы айтқан Роберт Гейтстың орнына АҚШ қорғаныс министрі болып тағайындалмақ.

Хабарларға қарағанда, барлау агенттігін АҚШ армиясының генералы Дэвид Петреус басқаруы мүмкін. Ауғанстандағы әскери операциялардың қолбасшысы Петреустың орнына генерал Джон Аллен тағайындалуы ықтимал. Сонымен қатар дипломат Райан Крокер Ауғанстандағы АҚШ-тың жаңа елшісі болмақ.

Бұл өзгерістер туралы Ақ үй бейсенбіде жарияламақ.
XS
SM
MD
LG