Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сирияға қатысты ортақ пікірге келе алмады


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сирия мемлекетіндегі жағдайға қатысты қарар қабылдауға байланысты ортақ пікірге келе алмады.

Сирия үкіметінің оппозициялық шеруге қарсы күш қолданып, басып-жаншуын айыптайтын қарар мәтініне Ресей, Қытай және Ливан қарсы болған. «Франс-пресс» агенттігі «сыртқы күштердің араласуы Сирияда азаматтық соғыстың басталуына түрткі болуы мүмкін» деп айтқан Ресей өкілінің сөзін келтіреді.

Сәрсенбі күні Сириядағы билеуші «Баас» партиясының құрамынан тағы да екі жүздей саясаткердің шыққаны мәлім болды. Олардың көпшілігі - қазір үкіметке қарсы наразылық шерулеріне шығып жатқан, президент Башар Асадтың биліктен кетуін талап етіп отырған Дераа аймағынан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG