Accessibility links

Картер: Пхеньян келіссөз өткізуге әзір


АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің мәлімдеуінше, Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир Оңтүстік Корея және АҚШ-пен алғышартсыз кез келген мәселеге қатысты келіссөз өткізуге әзір.

Пхеньянға бұрынғы еуропалық жетекшілермен бірге барған Картердің айтуынша, олар Ким Чен Ирмен кездеспеген бірақ одан нота алған. Бұл туралы Картер бүгін Оңтүстік Кореяда баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Коммунистік Солтүстік Кореяға үшкүндік сапарынан кейін Картердің делегациясы Сеулге барған болатын. Олар Пхеньянға сапары барысында Солтүстік пен Оңтүстік Корея елдері арасындағы шиеленісті жағдайды жеңілдетпекші болған. Сонымен қатар Картер жетекшілігіндегі "Қариялар" тобы Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздануға шақырып, азық-түлік тапшылығы мәселесін талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG