Accessibility links

Бахрейнде төрт шеруші өлім жазасына кесілді


Бүгін Бахрейндегі әскери сот өткен айдағы шерулер барысында екі полицейді өлтірді деп айыпталған 4 адамды өлім жазасына кесті. Ал қалған үш азамат өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Бұл жеті азамат қасақана кісі өлтіру айыбы бойынша жабық есік жағдайында сотталды. Олардың адвокаттары айыптарды жоққа шығарды.

Араб әлеміндегі көтерілістерден жігерленген шииттер жетекшілігіндегі шерушілер ақпан айында сунниттер басқаруындағы үкіметке наразылық танытқан болатын. Шерушілерді басып-жаншу кезінде кемінде 20 адам опат болды. Билік орындарының айтуынша, қаза тапқандардың кемінде төртеуі полицейлер болған.
XS
SM
MD
LG