Accessibility links

Пәкістанда әскери теңізшілерге тағы да шабуыл жасалды


Бүгін Карачиде Пәкістанның әскери теңізшілерін жұмысқа алып бара жатқан автобустың жанында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты, ондаған кісі жараланды. Мұндай шабуыл осы аптада үшінші рет жасалып отыр.

Сейсенбі күні Карачиде әскери теңізшілердің екі автобусына жасалған шабуылдан 4 адам опат болған.

Үш шабуылға байланысты жауапкершілікті "Талибан" өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG