Accessibility links

Мароккода жарылыс болды


Марокко ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Марракеш қаласындағы шетелдік туристер баратын кафеде болған жарылыстан 14 адам қаза тауып, 20 кісі жарақат алған.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, министрлік бейсенбі күнгі жарылысты «қылмыстық әрекет» деп атаған. Құрбан болғандардың арасында шетелдіктер бар делінеді. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG