Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Марракештегі жарылысты айыптады


Жарылыс болған кафенің көрінісі. Марракеш, 28 сәуір 2011 жыл.

Жарылыс болған кафенің көрінісі. Марракеш, 28 сәуір 2011 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бейсенбі күні Мароккодағы террорлық жарылысты айыптап, құрбан болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Сәуірдің 28-і күні Марракеш қаласындағы кафеде болған жарылыс салдарынан 14 адам мерт болып, жиырмадан аса кісі жараланған. Қаза болғандардың 11-і - шетелдіктер. Олардың арасында Франция, Нидерланды, Ұлыбритания азаматтары бар.

Жарылысқа байланысты жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

АҚШ Марокко билігіне осы оқиғаны тергеу ісіне көмектесуге әзір екенін білдірді.
XS
SM
MD
LG