Accessibility links

Таиланд пен Камбоджа шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды


Бүгін Таиланд пен Камбоджа шекарасында тағы да атыс болды. Бұл туралы Таиландтың билік орындары хабарлады. Таиланд әскерилерінің деректері бойынша, атыс салдарынан таиландтық төрт сарбаз жараланған.

Бейсенбі күні екі тарап ұрыс қимылдарын доғару туралы келісімге келген еді. Таиланд билігі бүгінгі атыстарға қарамастан бейбітшілік орнату туралы келісімді бұзбауға әлі де мүмкіндік бар деп мәлімдеді.

Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы ұрыстар осыдан бір апта бұрын басталған. Оған джунглиде орналасқан екі көне храм себеп болды. Қарулы қақтығыс салдарынан екі жақтан кемінде он бес әскери қызметкер қаза болып, ондаған мың тұрғын басқа жаққа көшуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG