Accessibility links

Тунис өз аумағын атқылаған Ливия әскерінің ісіне нарзылық білдірді


Тунис үкіметі өзінің шекаралық аймағында тыныштық бұзған Ливия билігіне наразылық білдірді. Ливияның Муаммар Каддафиге бағынышты әскери басшылығы Тунистен кешірім сұрады.

Бейсенбі күні Ливияның үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында болған ұрыс барысында Каддафи әскерінің зеңбіректен атқан оқтары Тунис жеріне түскен еді.

Екі елдің шекарасындағы Ливияның Вазин бекеті өткен аптада көтерілісшілер қолына өткен болатын.

Көтерілісшілердің өкілі Мисурата қаласында НАТО күштерінің әуеден берген соққысынан 11 көтерілісші қаза тапты деп мәлімдеді. НАТО өкілі халықаралық коалиция күштері Мисуратаның оңтүстігінде Каддафи әскеріне тиесілі деген жорамалмен бірнеше әскери машинаны жойғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG