Accessibility links

АҚШ діни бостандық жағдайы нашар елдердің тізімін жариялады


АҚШ үкіметтік комиссиясы христиандарға шабуылдар жиі жасалатын Египетті діни бостандық жағдайы ең нашар елдердің тізіміне енгізуді ұсынды.

АҚШ-тың діни бостандық жөніндегі комиссиясы Обама әкімшілігіне бұл ұсынысы туралы бейсенбі күні жариялаған жылдық баяндамасында айтқан. 28 елдегі діни бостандық жағдайын зерттеген комиссияның мәліметінше, Египетте бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті биліктен кетірген ақпан айындағы жаппай шерулердің алдында және одан кейін діни еркіндік құқықтары өрескел бұзылған.

Діни бостандық ахуалы өте нашар елдердің тізімінде сонымен қатар Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Ирақ және Пәкістан аталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG