Accessibility links

Ресми өкілдер Ресейдің оңтүстігінде 16 бүлікші өлтірілді дейді


Полицияның мәлімдеуінше, Ресейдің Ставрополь аймағындағы арнайы қауіпсіздік операциясы барысында бүлікшілердің жетекшісі мен оның тоғыз адамы өлтірілген.

Оңтүстік федералдық аудан полициясының баспасөз хатшысы Сергей Морозовтың айтуынша, Қабарда-Балқар аймағындағы бүлікшілердің жетекшісі Аскер Джаппуевпен бірге 9 адам өлтірілген. Олар Ставрополь аймағындағы бір ауылда жасырынған делінеді.

Ресми өкілдердің айтуынша, Дағыстандағы жеке операция барысында қауіпсіздік күштері кемінде 6 бүлікшіні өлтірген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG