Accessibility links

Сирияда үкіметке қарсы шерулер жалғасты


Сирияда мыңдаған адам саяси бостандықтарды талап етіп, үкіметтің демократияшыл шерушілерді басып-жаншуына наразылық танытты.

Оппозициялық белсенділердің айтуынша, наразылық шарасы Дамаск, Хомс, Баниас қалалары мен Сирияның шығысында өткен. Куәгерлердің мәлімдеуінше, қауіпсіздік күштері Латакия қаласындағы наразылық танытушыларға оқ атқан.

Осыдан алты апта бұрын президент Башар әл-Асадтың билігіне қарсы шерулер басталғалы бері Сирияда 500-ден астам адам қаза тапты делінеді.

Бүгін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Женевадағы кездесуінде Сириядағы жағдайды талқылайды. Ал Брюссельде жиналатын Еуропа Одағының ресми өкілдері демократияшыл шерушілерді басып-жаншыған Сирия үкіметіне санкция енгізуді қарастырады.
XS
SM
MD
LG