Accessibility links

Қазақстан мұнай өнімдері экспортына енгізілген тыйымды ұзартты


Қазақстан бірқатар мұнай өнімдерінің экспортына енгізілген тыйымды осы жылдың шілде айына дейін ұзартты. Осы жөніндегі қаулыға премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған.

Сенбі күні үкіметтік бұқаралык ақпарат құралдарында жарияланған қаулыға сәйкес, мұнай өнімдерінің экспортына енгізілген тыйымды шілденің біріне дейін созу туралы шешім "ішкі нарықтағы мұнай өнімдері бағасының өсуінің алдын-алу мақсатында" қабылданған.

2010 жылдың мамыр айында Қазақстанда кей мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынған болатын.
XS
SM
MD
LG