Accessibility links

Ауғанстанда оқ атқан бұрынғы ұшқыштың "Талибанға" қатысы жоқ делінеді


НАТО-ның мәлімдеуінше, осы аптада Кабулдағы әуе күштерінің жаттықтыру орталығында оқ атқан бұрынғы ауған пилотының "Талибанға" қатысы жоқ.

Сенбі күні бұқаралық ақпарат құралдарына жарялаған мәлімдемесінде альянс "осы уақытқа дейінгі тергеу әлгі қарулы адамның өз басымен әрекет еткендігін және оның "Талибанмен" байланысы жоқтығын көрсетті" деген.

45 жастағы бұрынғы ұшқыш базадағы жанжалдан кейін әуе күштеріне оқ атқан болатын. Оқиға барысында оның өзі оққа ұшты. Сәрсенбі күнгі шабуылға байланысты жауапкершілікті "Талибан" өз мойнына алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG