Accessibility links

"Хамастың" Сириядағы саяси бюросы Қатарға көшпек


Араб тіліндегі жетекші басылымның хабарлауынша, палестиналық "Хамас" исламшыл тобының басшылары Сириядан кетіп, Қатарға көшеді.

Лондондағы Al-Hayat басылымының мәліметінше, Қатар Халед Мешаал жетекшілігіндегі "Хамастың" саяси бюросын өз жеріне орналастыруға келіскен бірақ аталмыш топтың әскери бөлімін қабылдаудан бас тартқан. Бұл жөнінде "Хамас" өтініш түсірген болатын.

"Хамастың" саяси жетекшілерінің бөлімі 1999 жылы Сирияда ашылған еді.

Сәрсенбі күні Батыс жағалау мен Газа секторын жеке басқаратын палестиналық "Фатх" пен "Хамас" фракциялары бір жыл ішінде болатын сайлаудың алдында уақытша үкімет құруға келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG