Accessibility links

Каддафи әуе соққысынан аман шыққан


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи Триполидегі үйіне НАТО күштері берген әуе шабуылынан аман қалған.

Ливия үкіметінің өкілі хабарлағандай, алайда Каддафидің кіші ұлы Саиф ал-Араб пен үш немересі әуе соққысынан қаза тапқан.

НАТО Каддафи үйін нысанаға алғанын жоққа шығарып, Триполидегі әскери нысандарға шабуыл жасалды деп отыр.

Бұл тұста Ақ үйдің баспасөз өкілі Джей Карней Вашингтон Каддафидің баласы шабуылдан қаза болғанын ливиялық ақпарат құралдарынан хабардар болып, жағдайды анықтап жатыр деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG