Accessibility links

Назарбаев Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын ұлттық бірлік күнімен құттықтап, сөз сөйледі.

Жексенбі күні Астана қаласындағы "Қазақ елі"монументі алаңында өткен мерекелік шарада Назарбаев "бүгінгі мейрам Қазақстанның барлық қалаларымен қоса ауыл-аймақтарында да аталып өтіп жатыр. Бұл бізді біріктіретін күн" деді. Ол өткен президент сайлауы елдің бірлікте екенін көрсетті деді.

Назарбаев өз сөзінде сондай-ақ, "әлемде заводтар тоқтап, адамдар жұмыссыз қалып жатыр. Біз жаңадан кәсіпорындар ашып, жаңа жұмыс орындарын құрып жатырмыз. Әлемде діни қақтығыстар болып жатыр. Ал біз бірлігімізді танытып келеміз" деп атап өткен.

Оның пікірінше, бүгінде Қазақстанда өмір сүру абыройлы. Әр қазақстандық балаларының болашағына сенеді. "Осы мерекеде бір-бірімізге сүйіспеншілік танытып, әлемге өзіміздің бірлігімізді танытайық" деді ол.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осының алдында 1 мамыр мерекесін елде қайта жаңғыртып, Астанада мен Алматыда халықтық мерекелік шерулермен өткізуді тапсырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG