Accessibility links

Рим католиктері Иоанн Павел II даңқын арттыруға жиналды


Бүгін Римнің қасиетті Петр алаңына онмыңдаған адам жиналып, Рим католиктерінің сүйікті жетекшісі болған Иоанн Павел II дәрежесін қасиетті әруақтар қатарына қосу шарасына қатысты.

Рим папасы болған тегі поляк Иоанн Павел екінші 26 жыл понтифик қызметін атқарған соң 2005 жылы өмірден өткен. Ол католиктердің рухани жетекшісіне айналған белгілі тұлға болды.

Бұл шараны Рим папасы Бенедикт XVI-шы жүргізіп, кейін Иоанн Павел II есімін қасиетті тұлғалар қатарына енгізді.
XS
SM
MD
LG