Accessibility links

Ауғанстанда 12 жасар жанкештінің жарылысынан 4 адам қаза тапты


Ауғанстаннан хабарланғандай, жексенбі күні елдің шығысында 12 жастағы бала жанкештілік шабуыл жасап, төрт адамның өмірін қиды. Жарылыстан тағы ондаған кісі жарақат алды.

Ауғанстан билігі бірінші рет елде жас баланың жанпидашылық әрекетке барған шабуылын тергеп жатыр. Шабуыл Пәкістанмен шекаралас Пактика провинциясында болған.

Ауғанстанда қауіпсіздік күштері елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті халықаралық жасақтардан алуға дайындалып жатқанда, шабуылдар мен қақтығыстар қатары көбейіп отыр.

Бұл тұста талибандар көктемгі шабуылдарын бүгіннен бастап жандандыратынын ескертіп, бейбіт тұрғындарды әскери аймақтар мен адам көп жиналған жерлерде жүрмеуге шақырды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG