Accessibility links

Мальдив аралындағы шеруде қақтығыс болды


Жексенбі күні Малдив аралының астанасы Мале қаласында үкіметке қарсы шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды. Полиция халықты көзден жас ағызатын газбен тарқатты.

Өткен түнде Мале қаласындағы үлкен алаңға мыңдаған адам жиналып, бүгінгі шеруге дайындалған. Наразылық шеруіне қатысушылар президент Мохамад Нашидтің орнынан кетуін талап етіп, елде экономикалық реформалар жүргізуге шақырды.

Полиция бірқатар шерушіні қақтығысты қоздырды деп қамауға алған. Бірақ оппозиция жетекшісі қамалған адамдар қатары өте көп екенін айтады.

Үнді мұхитындағы архипелаг президенті Нашид 2008 жылы өткен бірінші көппартиялық президент сайлауында сайланған.
XS
SM
MD
LG