Accessibility links

Алматы маңында алты рет жерсілкінісі тіркелді


Алматы маңында алтыншы рет жерсілкінісі тіркелді. Еуропа мен Жерорта теңізі орталығы сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, ең бірінші жер асты дүмпуі таңғы сағат 8:31-де Алматының солтүстік-шығысында рихтер бағаны бойынша 5,4 балл күшінде болды. Тағы бір жер дүмпуі 4 балл күшінде Алматыдан 75 шақырым жердегі Есік қаласымен аралықта үш шақырым тереңдікте 9:05 кеткенде тіркелді.

Үшінші жерсілкінісі 3,2 балл деңгейінде Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 73 шақырым қашықтық пен 1 шақырым тереңдікте болды.

Соңғы бесінші және алтыншы жерсілкіністері 3,5- 4 балл күшінде Алматыда білінді. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Алматыдағы үйлер бірнеше минут шайқалғанын тұрғындар сезген.
XS
SM
MD
LG