Accessibility links

Алматыда мерекелік шеруге келген қоғамдық ұйым белсенділері таяқ жеген


«Қазақстан 2012» қозғалысының белсенділері, сотталғандардың аналары құрған комитет өкілдері 1 мамыр мерекесіне арналған бейбіт шеруге қосылмақ болып, алаңға барғанда олар соққыға жығылған.

Бұл туралы қоғам белсендісі Вадим Курамшин жексенбі күні хабарлады. Оның айтуынша, полиция күштерінің шабуылынан екі адам қатты жарақат алып, ауруханаға түскен.

Курамшиннің айтуынша, басы жарылып, миы шайқалған Айнұр Құрманов жатқан аурухана бөлмесін ҰҚК қызметкерлері бақылауда ұстап отыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG