Accessibility links

Алматыда жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін


Бүгін Алматы қаласында жерсілкінісі төменгі деңгейде тағы қайталануы мүмкін деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі. Бірақ министрлік халықты дүрбелеңге түспеуге шақырып отыр.

Аталған мекеме жерасты дүмпулерінің жексенбі күні бірнеше мәрте болғанына қатысты бірқатар тұрғын үй кешендерінде тексерулер жүргізіп, су шаруашылықтары мен өзен суларының деңгейін тексерген. Ешқандай ауытқу байқалмады, барлық қызмет түрлері жоғары дайындықта отыр делінді министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар министрлік тұрғындарды ең қажетті құжаттар мен заттарын дайындап қоюға шақырды. Соңғы екі күнде Алматы маңында барлығы 8 рет жерсілкінісі тіркеліп, ең жоғары күші 5,4 балл деңгейінде болды.
XS
SM
MD
LG