Accessibility links

Обама Усама бин Ладен өлтірілді деді


АҚШ президенті Барак Обама әл-Қаида жетекшісі Усама бин Ладен қаза болды деп хабарлады.

Обаманың айтуынша, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы шабуылдар жасаған бас террорист Пәкістандағы америкалық әскерлердің операциясы кезінде өлтірілді деп мәлімдеді. Оның мәйіті АҚШ-қа берілген.

Обама мамырдың 1 күнгі операцияда АҚШ әскерлері ешқандай шығынға ұшырамағанын айтты. Және Обама бейбіт тұрғындардың да қазасына жол берілген жоқ деді.

Хабарларға қарағанда, АҚШ күштері Исламабад маңындағы виллаға рейд жүргізген кезде, атыс болған.

АҚШ президенті Бин Ладенді табуға пәкістандық қауіпсіздік күштері көмектесті дей келе, ынтымақтастықтары үшін Пәкістан президенті Асиф Али Зардариге алғысын білдірді.
XS
SM
MD
LG