Accessibility links

Ливия еуропалық елшіліктерге шабуыл болғанына өкініш білдірді


Ливия үкіметі жексенбі күні Триполидегі Ұлыбритания мен Италия елшіліктеріне шабуыл жасалғанына өкініш білдірді.

Ливия сыртқы істер вице-министрі Халед Каимнің айтуынша, үкіметтік күштер НАТО-ның шабуылынан Муаммар Каддафидің баласы мен үш немересінің қаза болуына наразылық танытқан ашулы халықты басуға тырысқан.

Бұл тұста БҰҰ жексенбі күні халық басып кіріп, көліктерін алып кеткен Триполидегі халықаралық қызметкерлерін кері алып кететінін айтты.
XS
SM
MD
LG