Accessibility links

Карзай: бин Ладеннің өлімі терроризм Ауғанстанда жоқ екенін көрсетті


Дүйсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзай Усама бин Ладеннің Пәкістанда өлтірілуі әлемге терроризмге қарсы күрес Ауғанстанда емес екенін көрсетті деді.

Карзай сондай-ақ ауғандық талибандар осыдан сабақ алып, қақтығысты тоқтатуы тиіс деді. Усама бин Ладеннің өліміне қатысты Пәкістанның бірінші ресми мәлімдемесінде, операцияны АҚШ әскері жүргізді деді.

Американың батыстағы одақтастары бин Ладеннің қазасы туралы жаңалықты оң қабылдап, бірақ оның өлімімен бірге әл-Қаида жоғалып кетпеуі мүмкін деп ескертті.

АҚШ Усама бин Ладеннің мұсылмандарды жерлеу рәсімі бойынша көп ұзатпай теңізге тасталғанын хабарлады. Бірақ нақты қай жерде екенін айтпады. АҚШ бин Ладеннің жерленген жері исламистердің мінәжат ететін орнына айналмауы үшін теңізге тасталғанын айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG