Accessibility links

«Азат» ЖСДП мерекеге қатысушылардың соққыға жығылғанын сынады


Бүгін оппозициялық «Азат» ЖСДП Алматыда бірлік күні мерекесіне арналған бейбіт шеруде азаматтық қоғам белсенділерінің соққыға жығылғанын айыптады.

"Полиция 1 мамыр шеруіне шыққан «Қазақстан 2012» қозғалысы мен сотталғандар аналар комитетінің өкілдерін алаңнан күшпен аластатып, ауыр соққы алған екі адам ауруханада жатыр" делінген партия таратқан мәлімдемеде.

Әлеуметтік қарсылық ұйымының сайтында, 1 мамыр бірлік күні мерекесінде полиция қозғалыс жетекшісі Айнұр Құрмановты басынан жаралағаны айтылған. Оның бас сүйегіне зақым келіп, миы шайқалып ауруханада жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG