Accessibility links

Сирия билігі жүздеген шерушіні қамауға алған


Хабарларға қарағанда, Сирияның қауіпсіздік күштері елде демократиялық реформаларды талап еткен жүздеген шерушіні тұтқындаған.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Дераа қаласына бақылауды алған қауіпсіздік күштері шеру белсенділерін қоршап алған. Дамаск маңындағы қалашықтарда бірнеше оппозициялық белсенді қамалған.

Сириялықтар президент Башар әл-Ассадтың қауіпсіздік күштері кемінде 560 бейбіт тұрғынды өлтіріп, бірнеше кісіні ұстап жатқанына қарамастан, шерулерін жалғастырып келеді. Хомс қаласындағы шеруде мыңдаған адам "билік кетсін" деп айқайлады.
XS
SM
MD
LG