Accessibility links

Астанада экономикалық форум өтіп жатыр


Бүгін Қазақстан астанасында IV экономикалық форум жұмысы басталды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Биылғы форумның күн тәртібінде Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі, халықаралық валюта жүйесі, әлемдік экономиканың дамуы сияқты мәселелер қаралмақ.

Форумды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Жиынға қатысып отырғандардың арасында Нобель сыйлығының иегерлері Роберт Манделл, Джон Нэш, Джеймс Мирлис, Роджер Корнберг, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Кубиш, Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы Талеб Рифаи және басқалар бар.

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
XS
SM
MD
LG