Accessibility links

Назарбаев әлемдік жаңа валютаға өту жөнінде жол картасын әзірлеуді ұсынды


Бүгін Астанада өтіп жатқан экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік жаңа валюта енгізуге қатысты ұсыныс айтты.

«Әлемдік жаңа валютаға өту жөнінде жол картасын әзірлеуді ұсынамын. Бұл қадамды бір күнде, не бір форумда шешу мүмкін еместігін білемін, сондықтан бұл жұмысты осы форумнан бастау қажет», - деді Назарбаев.

Қазақстан президенті «әлемдік жаңа валютаны жасау бәріне де түсінікті ашық ғаламдық қаржылық-валюталық жүйені құруға мүмкіндік береді және мемлекеттердің резервтері тұрақтырақ болып, ол жалпы алғанда, келешектегі экономикалық дамуды тұрақты ете түседі» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG