Accessibility links

Дераа қаласында 10 адам өліп, 500-ге жуық кісі қамалды


Сирияның оңтүстігіндегі Дераа қаласында жексенбіде жүргізілген арнайы шара барысында 10 адам қаза болып, 499 кісі тұтқындалған. Бұл туралы кеше Сирия армиясының өкілі мәлімдеген.

Куәгерлердің айтуынша, билік күштері жасы 15 пен 40-тың аралығындағы ер адамдарды кісендеп, автобусқа тиеп, жақын маңдағы түрмеге алып кеткен.

Дераа қаласы тұрғындары Сирия президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап етіп, бірнеше күннен бері наразылық шерулерін өткізіп жатыр. Дерааға өткен аптада танк енгізілген еді. Сондай-ақ Қамишлы, Ракка қалалары мен Дамаск маңындағы елді мекендерде оппозиция белсенділері тұтқынға алынған.

Президент Башар әл-Асадтың қауіпсіздік күштері кемінде 560 бейбіт тұрғынды өлтіріп, ондаған кісіні ұстаса да, шеру жалғасып жатыр. Хомс қаласындағы шеруде мыңдаған адам «Билік кетсін!» деп ұрандады.
XS
SM
MD
LG