Accessibility links

«Хьюман Райтс Уотч» Бахрейнді шерушілерге шығарылған үкімді орындамауға шақырды


Халықаралық «Хьюман Райтс Уотч» құқық қорғау ұйымы Бахрейн билігін төрт адамды өлім жазасына кескен әскери сот үкімін орындамауға шақырды.

Халықаралық ұйымның мәлімдемесінде биылғы наурыз айында өкіметке қарсы наразылық шерулері кезінде полицейлерді өлтірген деген айыппен жауапқа тартылған төрт адамды өлім жазасына кескен және үш кісіні өмір бойы түрмеге қамау туралы үкім шығарған сот бұл істі екі аптаға де жетпейтін аз уақыттың ішінде қарағанын атап көрсеткен.

Бұған дейін «Амнести Интернэшнл» халықаралық ұйымы да Бахрейн билігінен өлім жазасына кесілген төрт адамға шығарылған үкімді орындамауды сұраған еді.

Ресми деректер бойынша, билік Бахрейндегі үкіметке қарсы шерулерді басып-жаншыған соң ұсталған 405 адамның үстінен қозғалған істерді әскери соттың қарауына жолдаған. 312 адам бостандыққа шыққан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG