Accessibility links

Мальдив астанасында үкіметке қарсы шеру өтті


Мальдив республикасының астанасы Мале қаласында өткен түнде үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққандар мен билікті қолдаушылар қақтығысып қалды. Полиция зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында көзден жас ағызатын газ қолданған.

Ел астанасында көшеге шыққан мыңдаған адам президент Мохамад Нашидтың биліктен кетуін талап еткен. Үкімет ғимараттарының кейбіріне зақым келіп, бірнеше адамды полиция ұстап әкетті.

Мальдив мемлекетінде үкіметке қарсы наразылық өткен сенбіде басталған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG