Accessibility links

Саакашвилимен кездесу нәтижесіз аяқталды деді оппозиция өкілдері


Грузия президенттігіне бұрынғы үміткер Леван Гачечиладзе президентпен көзқарастарының түбірімен әртүрлі екендігін айтты. Грузия парламентінің төрағасы Давид Бакрадзе аталған сөйлесуде президент Михаил Саакашвилимен бірге болды. Оппозиция өкілінің айтуынша, кездесуге оппозиция жағынан бұрынғы Сыртқы істер министрі Саломе Зурабишвили, президенттікке бұрынғы үміткер Леван Гачечиладзе, БҰҰ-дағы бұрынғы елші Иракли Аласаниа, және Каха Шартва қатысты. Грузияда бір айға созылып кеткен саяси теке-тірес мамырдың 11-не жоспарланған ол кездесу барысында талқыланды. Сәуірдің 9-нан бері наразылық шараларын өткізіп жатқан шерушілер Саакашвилиді аутократтық билікте айыптап, қызметтен кетуін талап етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG