Accessibility links

Роксана Сабери бостандыққа шықты


Оның заңгері Салех Никбахттың айтуынша, Иран соты шешімімен ол мамырдың 11-де кешкісін босатылды. Азаттық радиосына берген сұхбатында Никбахт сондай-ақ Саберидің елден жедел түрде шығып кетуіне бұйрық берілгендігін айтты. Алайда сот шешімімен АҚШ журналисі алдағы 5 жыл бойы Ираннан хабар жүргізе алмайтын болды.

Оның әкесі Реза Саберидің айтуынша, Евин түрмесінде екі апта аштық жариялағанына қарамастан қызының денсаулығы ойдағыдай сияқты.

Сабери АҚШ пайдасына жансыздық жасады деп айыпталып, алғашқы сот шешімі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Соңғы шешім бойынша алғашқы 8 жылдық түрме жазасы жойылып, журналист босатылды.


XS
SM
MD
LG