Accessibility links

Балалар шығармашылығының конкурсы басталады


Бүгін сағат 10.00-да Алматыдағы Оқушылар Сарайында Алматы қаласының әлеуметтік мекемелері мен қосымша білімді ұйымдастырушылары арасында балалар шығармашылығының «Мейірім» атты қалалық конкурсы басталады, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Алматы қаласының Балалар құқығын қорғау департаменті, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия, М. Оспанов атындағы қоғамдық қор, ИРЦ қоғамдық қоры, «Бай- Бол» қоғамдық қоры.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG