Accessibility links

Астанада ХVІІІ республикалық «Жас қанат» байқауы өтеді.


15 -17 мамыр аралығында Астанада жас орындаушылардың ХVІІІ республикалық «Жас қанат» байқауы өтеді.

Өнер шарасының ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Хабар» агенттігі мен Халықаралық «Азия дауысы» фестивалі. Биылғы байқауға Қазақстан бойынша 60 үміткер қатыспақ.

Республикалық «Жас қанат» байқауы 1992 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Оған дейін Алматыда өткізіліп келген байқаудың мекен-жайы 2001 жылдан бастап қала әкімінің шешімімен Астана қаласына ауысты. Қазақстан әртістерінің ішінде «Жас қанат» танытқан Медеу Арынбаев, «Үркер» тобы, Бауыржан Исаев, Ерлан Көкеев, Мәдина Сәдуақасова сияқты есімдер бар.
XS
SM
MD
LG