Accessibility links

Пентагон Ауғанстандағы американдық әскердің қолбасшысын ауыстырды


АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі Ауғанстандағы американдық әскердің басқарушысын ауыстыру туралы шешім қабылдады. Өткен жылдың шілде айында ғана осы қызметке тағайындалған армия генералы Дэвид Маккирнан отставкаға жіберілді.

Босаған орынға қорғаныс министрі Роберт Гейтс АҚШ Қарулы күштері Біріккен штабының директоры, генерал-лейтенант Стэнли Маккристалды ұсынды.

Р.Гейтс Д.Маккирнанның отставкаға кетуін ауғандық кампанияға «жаңаша ойлаудың» қажет болғандығымен түсіндірді. Әскери сарапшылардың пікірінше, жаңа қолбасшы жауынгерлермен барынша икемді стратегия жүргізетін болады.

С.Маккристалдың мақсаты — әскери күштерді «дөрекі» қолдану емес, коммуникация мен барлауға бақылау орнату деп саналуда.
XS
SM
MD
LG