Accessibility links

Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын 9% -ға төмендетті


Бүгіннен бастап ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 9,5% -дан 9% -ға төмендетті, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Қаржы нарығындағы ағымдарды ескере отырып, инфляцияның жылдық деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банк басқармалары қайта қаржыландыру ставкасын 12 мамырдан бастап 9% деңгейінде белгілеуге шешім шығарды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қайта қаржыландыру ставкасы осы жылдың 5 ақпанынан бастап 10% -дан 9,5% төмендетілген болатын.
XS
SM
MD
LG