Accessibility links

Forbes әлемдегі ең бақытты елдердің тізімін жариялады


Forbes журналы әлемдегі ең бақытты елдерді атады, бұл тізімнің басында Дания тұр, ал Ресей ондыққа енбей қалды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Даниялықтардың өмірге қанағаттану рейтингі әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие, яғни 90,1, ал болашаққа сенімді көзқарастары 92,3. Журналдың мәліметінше, даниялықтардың өмірлеріне қанағаттануларына негіз бар, ІЖӨ жан басына 68 мың 362 долларды құрайды, жұмыссыздық деңгейі 2%.

«Жақсы тұруға болатын» елдердің алғашқы үштігіне Финляндия мен Голландия кірген.

Forbes –тің жобалауынша, өмірге қанағаттану сезіміне ие азаматтардың бәрі демократиялық, экономикалық еркіндігі бар елдердің тұрғындары.

«Бақыттылардың ондығына» Ирландия, Швеция, Швейцария, Канада, Жаңа Зеландия мен Бельгия да енгізілген.

Forbes тұрғындары өздерін аса бақытты сезінбейтін ел ретінде Қытайды атады. Оларда жұмыс аптасы 47 сағат, ал ІЖӨ жылына жан басына 3 мың 600 долларды құрайды.

Бақыттылар рейтингі Gallup World Poll –дың 140 елде жүргізген сауалнамасы мен халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтері негізінде жасалған.
XS
SM
MD
LG