Accessibility links

Г.Марченко: Валюта нарығындағы жағдай тұрақтанды


Валюта нарығындағы жағдай тұрақтанды. Ұлттық банк валютаны аз көлемде сатып алуда, — деп мәлім етті ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко.

«Жалпы алғанда, биржа мен банкаралық нарықты алып қарайтын болсақ, біз шамамен 150 млн доллар сатып алдық. Яғни, өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басында Ұлттық банк валютаны үлкен көлемде сатқан болса, қазір біз сатып ала бастадық. Біздің пікірімізше, бірақ қазір ең бастысы - біздің дұрыс дәлізді таңдап алғанымыз дәлелдене түсуде. 150 теңге деңгейі - дәліздің орта шені дұрыс таңдап алынған және ол нарықтағы жалпы ахуалға сәйкестендірілген», — деді Г. Марченко.

XS
SM
MD
LG