Accessibility links

Фашистер сақшысы болған Демьянюк Германияға әкелінді


Екінші дүниежүзілік соғыста неміс фашистерінің лагерінде сақшы болған кезінде 29 мың еврейдің өлтірілуіне қатысты деп күдіктелген Джон Демьянюк Құрама Штаттардан Германияға жеткізілді.
Тегі украиндық Демьянюктің соты фашистер лагеріндегі қылмыстар бойынша өткелі отырған соңғы сот процестерінің бірі болмақ. Бірақ 89 жасар Демьянюк сотта ұзақ қала алмауы мүмкін.
Бүгін ол Мюньхендегі түрмеге жабылғанға дейін ресми айып тағу үшін сот алқасына апарылады.
Және абақтыда оның денсаулығы тексеріледі.
Демьянюк өзіне тағылған барлық айыптауларды қабылдамай, бірнеше ай бойы өзінің депортациялануына қарсы күресті.
Бірақ АҚШ соты оны Германияға беру жөнінде шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG