Accessibility links

Ауғанстанда 3-ші мектепте жаппай улану оқиғасы болды


Бүгін Ауғанстан мектебінде газ шабуылы болған деген күдікпен 90-нан аса оқушы қыздар ауруханаға жатқызылды.
Бүгін Кабулдың солтүстігінде орын алған осындай төтенше оқиғалардың үшіншісі болып отыр. Елдің ішкі істер министрлігінің айтуынша, Капиза провинциясындағы Қазаақ бастауыш мектебінде 94 адам уланып ауруханаға түсті, олардың ішінде көбісі оқушылар, бірнеше мұғалім мен күзетшілер де бар.
Алдыңғы орын алған газ шабуылдары осы аймаққа жақын қаладағы қыздар мектебінде болды. Бұл өңірдегі қыз балалар мектебін кезінде билікте болған талибандар жауып тастаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG