Accessibility links

Киркуктағы шабуылдан кемінде 5 адам құрбан болды


Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында жанкештінің көлік жарылысынан кем дегенде 5 адам қаза тауып, бірнеше адам ауыр жараланды. Ресмилердің айтуынша, жанкешті жарылғыш зат қойылған көлігін полицияға жақын келіп, жарып жіберген. Құрбан болғандардың арасында полиция қызметкерлері мен екі бейбіт тұрғын бар.
Киркук қаласы Ирақтың солтүстігіндегі мұнай өндіретін өңір және бұл жер күрд, араб және түркмен ұлттары арасындағы даулы аймақ.
Ирақтағы жанкештілік шабуылдар толастамай отыр. Өткен сәуір айы адам шығыны ең көп ай болды.
XS
SM
MD
LG